22.10.2012, 12:58 3357

Қазақстанда үш жасқа дейінгі балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі бағдарлама басталды

Жобаны БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырмақ, қаржылық қолдау жасаушы Бразилия үкіметі.

Астана. 22-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда үш жасқа дейінгі балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі бағдарлама басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жобаны БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырмақ, қаржылық қолдау жасаушы Бразилия үкіметі.

"Біз қазір тағам жетіспей отыр, деген мәселені алға тартатын деңгейден асып кеттік, қазір оның энергетикалық және биологиялық құндылығы қандай болуға тиіс, деген мәселені шығаратын деңгейге жеттік", деді дүйсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Ол атап өткендей, балалардың денсаулығының негізі шамамен 5 жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады, сол себепті де жоба ең кішкентай балалардың тамақтануы мәселелеріне арналған.

Ж.Бекшиннің ақпаратына қарағанда, қазақстандық балалардың рационында әдетте А, С дәрумендері, темір, мырыш, кальций және басқасы жетіспейді.

"Идете қала баласының салмағы төмен, ауыл баласының бойы аласа. Демек, дұрыс тамақтандыру туралы ақпарат бұл кемшіліктерді жоюға ықпал етпек", деді ол.

Ж.Бекшин атап өткендей, азаматтарға қосып жеуге болмайтын тамақтар туралы ақпарат берілмек.

Жоба шеңберінде республика бойынша әр аймақтың ерекшелігі ескеріле отырып, тамақтандыру жөніндегі нұсқаулар дайындалмақ, семинарлар жүргізілмек, БАҚ-да мақалалар шығарылып, акциялар өткізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны