Система Orphus

Қазақстанда ұшақ билеттерінің құнын төмендету қажет - Ахметов

22.09.2008, 10:26 1320

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ұшақ билеттерінің құнын төмендету қажет. Бұл туралы кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе халықаралық әуежайында болғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Азаматтық авиация саласының тұрақты дамуы адамдардың көбірек ұша бастағанын көрсетеді. Проблемалар әрине, бар. Соларды ретке келтіріп, тарифтерді , билет бағасын төмендетіп, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру қажет", -деді министр.

Оның айтуынша, азаматтық авиацияның дамуы сенімді қарқында. "Жолаушылар ағынының өсімі 15 - 20% тең, ал жүк айналымының көлемі де ұлғая түсуде", -деді ол.

"Бізге бәсекелестікті дамыту қажет, ішкі рейстерді. Өңірлік әуе кемелерінің паркін жаңалау қажет, олар тарифтерді төмендетуге мүмкіндік береді", - деді С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны