30.11.2009, 17:58 6686

Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 13 463 адам бар

Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 13 463 адам бар

Алматы. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 13 463 адам бар. Бұл туралы бүгін Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталық бас директорының орынбасары Шолпан Қаржаубаева 1- желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай өткізілген "ВИЧ/СПИД: мемлекет саясаты, алдын алу шаралары және адам құқығын қорғау" атты баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Орталық бас директорының орынбасарының хабарлауынща, Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 13 463 адам бар, олардың 318-і 14 жасқа дейінгі балалар. СПИД диагнозы 962 науқасқа қойылды, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 63 бала бар.

"Бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да ВИЧ жұқтырушылар санының үздіксіз өсуі сақталып отыр. Оны жұқтырушылар еліміздің барлық аймақтарында тіркелген. Исіресе, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Теміртауда көп. Қазіргі уақытта Астана, Жамбыл, Атырау қалаларында көбеюде. Атырау қаласында аурудың көбеюіне мигранттардың көптеп келуі себеп болып отыр. Соңғы 10 айда бұл қалада осындай 1078 адам тіркелді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 235 жағдайға азайып отыр. Осы ауруға шалдыққан адамдар үшін арнайы 329 кабинет жұмыс істейді", деді Республикалық СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас директоры Владимир Слесарев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны