11.05.2006, 16:07 3315

Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 6081-ші адам тіркелді

АСТАНА. 11-мамыр. Kazakhstan Today. 2006-жылдың сәуір айындағы жағдаймен Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 6081-ші адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 43 бала тіркелді. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі республика үкіметінің жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 5-отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Досаевтың айтуынша, Қазақстанда СПИД жұқтырған 365 адам тіркелген, 304 адам осы індеттен қайтыс болды. “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, Қазақстан эпидемияның шоғырланған сатысында тұрған ел. Ол ВИЧ/СПИД төмен деңгейде таралған елдердің тобына жатады. Індеттің таралу көрсеткіші тұрғындардың 0,2 процентіне тең. Ал орташа көрсеткіш 1,1 процент болып табылады”,- деді Е.Досаев. Оның айтуынша, СПИД індетіне қарсы күрестің 2006-2010-жылдарға арналған салааралық бағдарламасының жобасы жасалған.

“ВИЧ дертін жұқтырған барлық екіқабат әйелдер мен олардан туған балаларды ақысыз арнаулы антивирустық емдеу мемлекеттік бюджеттің қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі, ВИЧ/СПИД дертін жұқтырғандарды антивирустық емдеуге қамту көлемі жыл санап өсіп келеді, бұл мақсаттарға халықаралық донорлардың, соның ішінде СПИД-пен, құрт ауруымен және маляриямен күрес жөніндегі ғаламдық қордың 22,4 млн. доллар, Илемдік банктің 27 млн. доллар көлеміндегі қаржысы пайдаланылуда”,- деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны