04.01.2013, 13:41 3505

Қазақстанда зейнетақы мөлшері арттырылды

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға артады. Премьер-министр Серік Ахметов 2012 жылы 25 желтоқсанда қол қойған үкімет қаулысы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда зейнетақы мөлшері арттырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға артады. Премьер-министр Серік Ахметов 2012 жылы 25 желтоқсанда қол қойған үкімет қаулысы бүгін ресми ақпарат құралдарында жарияланды.

Бұған дейін Еңбек министрлігі осы қаулы қабылданғаннан кейін Қазақстанда төменгі зейнетақы мөлшері 17491 теңгеден 19066 теңгеге артатынын мәлімдеген болатын. Орташа зйнетақы 32928 теңге, базалық зейнетақыны есептегенде (9330 теңге) - 42258 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны