20.01.2012, 10:39 3493

Қазақстанда зейнетақыны индекстеу жалғасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әлеуметтік реформалар әлемдегі экономикалық ахуалды ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін айтады.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда зейнетақыны индекстеу жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әлеуметтік реформалар әлемдегі экономикалық ахуалды ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін айтады.

"Алдағы жылдары әлеуметтік істерде біз жүйелі жұмыс жүгргізіп, ыждаһатты болуымыз керек. Біз инфляция, зейнетақы және кіріс деңгейімен индекстейміз, ал арттыруға келсек, бұрынғыдай 20-30 пайыз болады, біз әлемде не болатынын мұқият бақылауымыз керек", - деп президент бүгін Астанада бесінші шақырылым парламентінің бірінші сессиясының ашылуы кезінде атап көрсетті.

"Жинаған қаражатымыз біздегі бар зейнетақы, жалақыны төлеуге қажет болуы мүмкін", - дейді ол.

"Экономика осылайша жоғарылай берсе және әлемдік нарықтық жағдай бізге ықпал ететін болса, әрине тапқан ақшамыз халықтің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсалады.

Біз бұл туралы қазақстандықтарға айқын болуы үшін үнемі ашық және шын айтамыз", дейді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны