18.12.2008, 16:24 2980

Қазақстанда жаңа туған нәрестенің өліміне басты себептердің бірі - дамудағы туабітті ақаулар болуда - Досқалиев

Қазақстанда жаңа туған нәрестенің өліміне басты себептердің бірі - дамудағы туабітті ақаулар болуда - Досқалиев

Астана. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жаңа туған нәресте мен сәбилердің өліміне дамудағы туабітті ақаулар басты себептердің бірі болуда. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Есеп мәліметтеріне сәйкес, республикада жаңа туған нәресте мен сәбилердің өлімге душар болуына дамудағы туабітті ақаулар басты себеп болуда, олар 18,4% құрайды", - деді Ж. Досқалиев.

"Балалардың туабітті ақаулардан қаза болуының жоғары көрсеткіштері Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалуда", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны