26.02.2018, 17:19 4547

Қазақстанда жаӊа "Жомарт жүрек" сыйлығы тағайындалады

Шағын бағдарлама шеӊберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: "Илеуметтік бастамалар картасы" және "Жомарт жүрек" жобалары. 2017 жылы шағын бағдарлама аясында жалпы құны 43 млрд 530 млн. теӊгені құрайтын 1197 жоба аяқталды.

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігініӊ Алқа мәжілісініӊ кеӊейтілген отырысында министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын "Жомарт жүрек" сыйлығыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды.

"Азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын қазақстандықтарды қоғамдық ынталандыру аса маӊызды."Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында өӊірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар көтермеленуге лайықты. Сондықтан, Азаматтық қоғам істері комитетіне туған жерініӊ дамуына өз өмірін және табысыныӊ бір бөлігін арнаған азаматтарды мадақтау үшін "Жомарт Жүрек" салтанатын ұйымдастыруды тапсырамын" - деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Министрлік қазіргі уақытта "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Туған жер" бағыты бойынша "Атамекен" шағын бағдарламасын жүзеге асыруда. Шағын бағдарлама жергілікті қауымдастықтыӊ өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардыӊ, ҮЕҰ-дыӊ, еріктілердіӊ, меценаттар мен бизнес-құрылымдардыӊ және мемлекеттік органдардыӊ күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Шағын бағдарлама шеӊберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: "Илеуметтік бастамалар картасы" және "Жомарт жүрек" жобалары. 2017 жылы шағын бағдарлама аясында жалпы құны 43 млрд 530 млн. теӊгені құрайтын 1197 жоба аяқталды.

"Бұл жобалар аясында елімізге "халықтық" инвестициялар түрінде ауқымды көмектер жасалды. Азаматтар, негізінен кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салуға, оларды реконструкциялауға және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат сала бастады", - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны