27.04.2012, 11:44 4775

Қазақстанда жаңадан жүргізуші куәлігі енгізілмек

Оның айтуынша, қазір жол қозғалысы бойынша Конвенцияның талабымен Қазақстан аумағында жүргізуші куәліктерінің жаңа үлгілері енгізіле бастады. Жаңа құжатта 7 категория белгіленеді. Олар: A, В, С, D; BE; СЕ; DE және қосымша тағы 6 категория : А1, В1, С1, D1, C1E және D1E қосылады. Мұндай өзгеріс скутер, мокик, трицикл сияқты шағын көліктерді жөнсіз пайдалануды реттейді,- деді жол полициясының өкілі.

Астана. 27-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жаңадан жүргізуші куәлігі енгізілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ІІМ Жол полициясы комитетінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір жол қозғалысы бойынша Конвенцияның талабымен Қазақстан аумағында жүргізуші куәліктерінің жаңа үлгілері енгізіле бастады. Жаңа құжатта 7 категория белгіленеді. Олар: A, В, С, D; BE; СЕ; DE және қосымша тағы 6 категория : А1, В1, С1, D1, C1E және D1E қосылады. Мұндай өзгеріс скутер, мокик, трицикл сияқты шағын көліктерді жөнсіз пайдалануды реттейді,- деді жол полициясының өкілі.

Айта кетейік, жаңа құжат "Жол қозғалысы туралы" Заң қабылданған соң ғана енгізіле бастайды. Ал ол жоба жақын күндері Парламенттің қарауына жіберілмек. Алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындар да жаңа заңға назар аударуы тиіс. Олар құжат алу үшін бірнеше кезеңнен өтуі тиіс.

"Кемінде 5-6 жыл тәжірибе немесе 50-100 мың шақырым аралықты жүріп өтуі керек. Сонда ғана жүргізуші куәлік иесі атанып, жолдағы көлік апаттарына деген жауапкершілігін сезіне бастайды", - деп мәлім етті ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны