06.12.2006, 17:02 2878

Қазақстанда жанармайдың сапасына қатысты еуростандарттар 2007-жылдың ортасынан бастап енгізілуі мүмкін - индустрия және сауда министрі

АСТАНА. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда жанармайдың сапасына қатысты "Евро-2" еуростандарттары 2007-жылдың ортасынан бастап енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысы барысында журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын бір топ мәжіліс депутаты автокөлік танспортының экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі түзетулердің жобасын жасаған болатын. Атап айтсақ, олар елімізде көлік құралдарының жанармайының сапасына қатысты және автокөліктерден шығатын түтіннің улылығына қатысты еуропалық стандарттарды заң жүзінде енгізуді ұсынған.

Заң жобасы авторларының пікірінше, кейінгі жылдары автокөліктер санының өсе түсуіне байланысты елімідегі қалаларда ауа күрт ластанды. Ал Қазақстанда автокөліктердің қозғалтқыштарынан жанармайдың жануына байланысты шығатын улы өнімдерге қойылатын талаптарды реттейтін мемлекеттік стандарттар жоқ. Елімізде қолданылып жүрген Ресейдің кейбір стандарттары автокөліктерден шығатын түтіннің улылығына қойылатын талаптарды айқындайтын "Евро-2" стандарттарына сәйкес келмейді.

Мәжіліс 2006-жылдың мамыр айында "Көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны