18.09.2017, 16:45 4803

Қазақстанда жарнама берушілердіӊ 83% қалыпты БАҚ-ты таӊдайды

Сарапшылар Қазақстандағы жарнама нарығыныӊ болашағы туралы ой бөлісті

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әлемніӊ озық сарапшыларымен және отандық компаниялармен бірлесіп, Digital marketing workshop интернет-маркетингке тегін оқыту курсы әлеуметтік жобасын бастады.

Бағдарлама ісін енді бастаған кәсіпкерлерге, интернет-маркетингте жұмыс істеуді жоспарлаған немесе аздаған тәжірибесі бар менеджерлер мен маркетологтарға арналған. Оқыту интернет-маркетингтіӊ көптеген кезеӊіндегі білімді жүйелеп, тереӊдетеді, тәжірибелік машықты дамытып, біліктілікті арттырады, міндетті дұрыс қоюды, интернетте дамудыӊ кешенді стратегиясын құруды және жүзеге асыруды үйретеді.

Қазақстанныӊ жарнама нарығында қалыптасқан дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ саны басым: телевизия - 67%, баспасөз басылымы мен ақпараттық агенттіктер - 10%, радио - 6%, интернет пен әлеуметтік желідегі жарнама - 8%, ал сыртқы жарнама - 9%. Бұл мәліметті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ интернет-маркетинг мектебініӊ ашылуында "Видео-Интернешнл Казахстан" ЖШС бас директоры Илья Жумаев хабарлады.

"Біздіӊ зерттеуімізге сүйенсек, жарнама берушілердіӊ басым көпшілігі әдеттегідей тексерілген алаӊдарды пайдаланып келеді. Телеарна - отандық аудитория үшін ұтымды, шалғайда әрі логистикасы күрделі кеӊістікті қамту күші жоғары. Мысалы, Ресейде эфирлік уақыттыӊ барлығы сатылған, ал бізде бар болғаны 67%. Интернет-меркетингті де салыстырсақ, баяу даму үстінде. Қазақстанда 8% болса, Ресейде - 38%, АҚШ-та - 35%. Бұл интернет-маркетинг нарығында маманныӊ аздығын білдіреді. SЕО, баннер пен контекстік жарнама, вирустық роликтер мен рич-медиа саласындағы саласындағы білікті мамандар саусақпен санарлықтай", - деді Илья Жумаев.

TNS Central Asia агенттігініӊ зерттеуі бойынша Қазақстан халқыныӊ 83% интернетті қолданады. Сауалнамаға 1000 мыӊнан астам тұрғыны бар қалалардағы 18 бен 54 жас аралығында 2000 адам қатысқан.

"Қазақстанныӊ бір азаматы телефонын күніне орташа есеппен 85 рет тексеріп, интернетке 2,5 сағат уақыт жұмсайтыны анықталды. Сауалнамаға қатысушылардыӊ 19,1% қарапайым телефон ұстаса, 78,7% смартфон пайдаланады, ал 16,4%-ында планшет бар. Келешекте қалыптан тыс (вирусты маркетинг пен PR) мен жасанды емес, мобильдік жарнама жобалары дамиды", - деп баяндады Vi Digital бас директоры Виталий Савков.

Курс барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Юрий Тілеумұратов жарнама нарығын дамытудыӊ маӊыздылығы жайында баяндады.

"Қазіргі таӊда тауарды өткізудіӊ қажеттілігі туралы айтудыӊ мәні жоқ. Бүгінде жарнама берудіӊ түрі өзгерді, күн сайы жаӊа тәсілдер мен мүмкіндіктері пайда болады, осы саладағы жаӊашылдық туралы тек кәсіби мамандар хабардар. Осы факторлардыӊ барлығын ескере отырып, әлеуметтік жоба ретінде Digital marketing workshop интернет-маркетингке тегін оқыту курсын өткізуді қолға алдық. Бұл бағдарлама кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге, менеджерлер мен маркетологтарға арналған. Оқыту барысында интернет-маркетингтіӊ көптеген салаларына қатысты тереӊ білім беріліп, тәжірибелік машықтар, біліктілікті арттырып, міндетті дұрыс қоюды, интернетте кешенді стратегияны әзірлеп, оны жүзеге асыруды үйретеді. Цифрлық маркетинг саласындағы нағыз шебер серіктестерімізге бастамамызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін", - деді Юрий Тілеумұратов.

Курсты аяқтағандарға Digital marketing workshop сертификаты табыс етіледі. Белсенді қатысушылар Google мен Яндекс компанияларынан шақырылған спикерлермен кездесуге қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны