15.09.2009, 12:46 2047

Қазақстанда жарты жылда жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен 118 жол апаты тіркелген

Қазақстанда жарты жылда жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен 118 жол апаты тіркелген

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жарты жылда жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен 118 жол апаты тіркелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда үстіміздегі жылдың 9 - 19 қыркүйек аралығында Астана - Қарағанда - Алматы - Тараз - Шымкент бағыты бойынша өтетін "Жолаушы маршруттарының қауіпсіздігі" атты республикалық акция басталды.

Акцияның мақсаты - Қазақстан аумағында жолаушы тасымалын ұйымдастыру мен жүзеге асыруда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және реттеу бойынша тиімді шараларды қабылдап алдын алу.

Шараның басталуына орай өткізілген баспасөз конференциясына қатысушылар журналистерге қалааралық жолаушылар тасымалдау нарығында қалыптасқан жағдай туралы мәлімдеп, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жолаушылар мен жүк тасымалына лицензиялауды енгізу мәселесін көтеріп жатқандығы туралы хабарлады.

Бұған себеп болып отырғаны - қалааралық жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайы. Қазақстанның ірі қалаларының барлығында дерлік автобекет пен базар маңында жолаушылардың жол жүру орындарынан тұрақсыз кездейсоқ тасымалдар жүзеге асырылады. Бұл әрекеттер тиісті рұқсат құжаттарынсыз орындалады.

Жолаушылар тасымалындағы автобус жүргізушілері жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерінің талаптарын ескермейді. Оның ішінде еңбек және демалыс тәртібін сақтамай, рейс алдындағы медициналық және техникалық бақылаудан өтпейді. Ал, автобустар мен жеңіл автокөліктердің орташа пайдалану мерзімі 15 - 20 жылдан асады.

Бұның неге алып келіп соқтыратының жол көлік оқиғалары статистикасынан байқауға болды. Айталық, осы жылдың 6 айы ішінде жолаушы автобустың қатысуымен 99 және 19 микроавтобустың қатысуымен жол көлік оқиғасы тіркелген.

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті жол полициясы органдарымен бірлесіп 9-14 қыркүйек аралығында қалааралық жолаушылар тасымалындағы 370 автобусты тексеріп, оның нәтижесінде 104 заң бұзушылық анықтады. Барлық оқиғалар бойынша хаттама жасалды, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны