03.02.2010, 14:33 2745

Қазақстанда жарты жылдан кейін ИЖК пен СТТН алынады - телеарна

Қазақстанда жарты жылдан кейін ИЖК пен СТТН алынады - телеарна

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жарты жылдан кейін ИЖК пен СТТН алынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазақстандықтар үшін жарты жылдан кейін осынау бірінші қажеттіліктегі құжаттар қажетсіз болып қалмақ. Олардың орнына Жеке идентицификациялық нөмір қолданысқа енгізіледі. Онсыз жұмысқа орналасу немесе некеге тұру мүмкін болмайды", - деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, біртұтас 12-орынды код 2007 жылдан бері жеке куәліктің өң бетінде адамның туған жылы, айы мен күні көрсетілген тұстың астында көрсетіледі. Ондай куәлігі барлар 13 тамыздан бастап қажетсіз болып қалатын ИЖК пен СТТН қағаздарын тастай салуына болады. Ал құжатты 2006 жылы және одан бұрын алғандарға оны ауыстыруға тура келмек. Алдағы жарты жылдың ішінде аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында оны тегін ауыстыруға болады.

"Осынау ауыспалы кезең 2007 жылдан бері жалғасып келеді. 2010 жылдың 13 тамызына дейін азаматтар Жеке идентицификациялық нөмірі бар құжатты алуға тиіс, ал ондайы жоқтар, яғни, заңға сәйкес ондай нөмірі жоқ құжаттар күшінен айрылады", - деді ҚР Иділет министрлігінің басқарма төрайымы Жанар Қожахметова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны