25.03.2011, 14:25 4373

Қазақстанда жауын шашын болып, қатты жел соғады деп күтілуде

Қазақстанда жауын шашын болып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жауын шашын болып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан аумағында қатты жел, жауын-шашын мен көктайғақ болады деп күтілуде.

Мәселен, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде көктайғақ болып, желдің күші 17-23, Шығыс Қазақстан облысында секундына 28 метрге дейін жетеді. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында, кейбір жерлерде Қызылорда облысында, түнде Жамбыл облысында түнде жел екпіні секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Маңғыстау облысының жеке аудандарында тұман тұрып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында желдің күші артып, секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде көктайғақ, боран болып, желдің күші 15-20, кейбір жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысының жеке аудандарында тұман тұрып, көктайғақ болып, желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны