31.05.2007, 16:48 7020

Қазақстанда жазда республикалық маңызы бар жолдарда көліктердің қозғалысына шектеу қойылады

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда 1-маусым мен 31-тамыз аралағында республикалық маңызы бар жолдарда көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметі шектеу жалпы қолданыстағы көлік жолдарында күндізгі және кешкі уақыттарда (10-нан 22 сағатқа дейін) ауа температурасы 25 градустан жоғары болғанда дара осі 8 тоннадан жоғары салмақтағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілетіндігін нақтылап өтті.

"Бұл шара Қазақстан Республикасының "Көлік жолдары туралы" заңының 18-бабына сәйкес" жаз маусымында жол қабатының көтеру қабілетін, көлік жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр",- деп түсіндірді Көлік және коммуникация министрлігінен.

Сондай-ақ баспасөз қызметіндегілер, "қойылған шектеу халықаралық келісімге сәйкес жолаушылар мен жүктердің халықаралық тасымалына пайдаланылатын; жалпы қолданыстағы жолдарды салуға, қайта жөндеуге және өзгертуге; төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою шараларына атсалыстатын көліктерге; жолаушыларды, жүктерді және тез бұзылатын азық-түліктер тасымалына, сонымен қатар Қазақастан Республикасының қолданыстағы заңының белгілеген тәртібі бойынша қауіпті, ауқымды және ауыр жүктерді тасымалдауға қатысты емес" екендігін түсіндіріп өтті.

Көлік және коммуникация министрлігінің хабарлауынша, көлік жолдарына шектеу қоюға байланысты уақытша жол белгілері орнатылады. Көлік құралдарының жалпы қолданыстағы жолдармен жүру рұқсатын беру Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау комитетіне жүктелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны