11.05.2016, 21:17 4192

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда жедел медициналық көмекті шақыру қызметі тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылдан бастап аталған қызмет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектіӊ базалық пакетіне кіреді. Бұл пакет Қазақстанныӊ барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел жәрдем қызметі мен саниатрлық авиация, әлеуметтік мәні бар және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық егу жұмыстары жатады.

Осылайша, жедел медициналық көмекті шақыру қызметі ҚР азаматтарымен қатар, республика аумағындағы шетел азаматтары үшін де тегін болып қала бермек.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР ДСИДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктіӊ www.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады. Министрліктіӊ Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы https://www.facebook.com/pages/Министерство-здравоохранения-и-социального-развития-Республики-Казахстан/196849530492917 мекен-жайында орналасқан.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны