24.04.2012, 16:07 3390

Қазақстанда жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілдікке қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

"Тағы да айта кететін бір жайт, заң жобасымен құжатты кепілдікке қабылдауға және қалдыруға тыйым салынады. Икімшілік құқықбұзушылықтар Кодексінің 379 бабын жаңа редакцияда баяндау ұсынылып отыр, оған сәйкес, жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алу, яғни сол сияқты заңсыз кепілдікке алуға жауапкершілік қарастырылады. Егер бұған дейін бұл баптың күші тек жеке куәлік пен паспортқа ғана жүрсе, енді оның аясына жеке басты куәландыратын 11 құжат кіріп отыр", - деді Тыныбеков.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" жаңа заңына сәйкес, жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілдікке қалдыруға тыйым салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Тыныбеков мәлім етті.

"Тағы да айта кететін бір жайт, заң жобасымен құжатты кепілдікке қабылдауға және қалдыруға тыйым салынады. Икімшілік құқықбұзушылықтар Кодексінің 379 бабын жаңа редакцияда баяндау ұсынылып отыр, оған сәйкес, жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алу, яғни сол сияқты заңсыз кепілдікке алуға жауапкершілік қарастырылады. Егер бұған дейін бұл баптың күші тек жеке куәлік пен паспортқа ғана жүрсе, енді оның аясына жеке басты куәландыратын 11 құжат кіріп отыр", - деді Тыныбеков.

Сондай-ақ ол заң жобасы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттардың қатарына мыналар жататынын айтып өтті:

- ҚР азаматының паспорты;

- ҚР азаматының жеке куәлігі;

- шетел азаматы үшін ҚР-да тұруға белгі қағазы;

- азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

- ҚР дипломатиялық паспорты;

- ҚР қызметтік паспорты;

- босқынның куәлігі;

- теңізшінің жеке куәлігі;

- шетелге шығу паспорты;

- қайтып оралу куәлігі;

- туу туралы куәлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны