30.04.2010, 16:25 6736

Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығын әйелдер құрайды

Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығын әйелдер құрайды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығын әйелдер құрайды. Бүгін "Бизнестің Жол картасы -2020: гендерлік сипаты" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшесі Бексұлтан Тұтқышев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шағын және орта бизнестегі әйел кәсіпкерлер үлесі 52 пайызды құрайды.

Мемлекет тарапынан әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары өзінің тиімділігін беріп жатыр. Мәселен, бүгінгі күні Қазақстанда шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары арасындағы әйелдер үлесі 52 пайызды құрап отыр. Ал жеке кәсіпкерлер арасындағы нәзік жандылардың үлесі 66 пайызды құрайды", деді Б. Тұтқышев.

Сонымен бірге, комитет мүшесі бүгінгі күні "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы қабылданғанын, оның шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер қарастырылатынын атап өтті. Бұның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін де тиімді тетіктер көзделетін болады.

Осы орайда ол "шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген жалпы инвестициялар көлемі 2000 жылдан бері 23 есе өсіп, 2008 жылы ол шамамен бір жарым триллин теңгеге жеткенін" атап өтті.

Ал Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тиімді басқару және аумақтық даму департаментінің жетекшісі Бақыт Ибділдинаның хабарлауынша, "БҰҰ жобалары аясында бөлінетін шағын несиелердің 50 пайыздан астамы әйелдерге берілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны