15.06.2015, 09:23 3818

Қазақстанда жел күшейіп, жаӊбыр және бұршақ жаууы ықтимал

Оӊтүстік Қазақстан облысында 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жел күшейіп, жаӊбыр және бұршақ жауады деп болжануда, тек республиканыӊ батысы мен оӊтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ хабарлауынша, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-23 м/с жылдамдықпен жел тұрып, жаӊбыр жауып, соӊы бұршаққа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында нөсерлі жауын жауып, жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін көтерілуі мүмкін.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында нөсерлі жауын жауып, аймақтыӊ басым бөлігінде 17-22 жылдамдықпен жел соғады, екпіні 26 м/с дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жекелеген жерлерде өрт қауіпті жағдай сақталады.

15 маусымда Алматы облысында қалыӊ жаӊбыр жауады деп болжануына байланысты, су тасқыны болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны