28.07.2008, 10:14 1390

Қазақстанда жем-шөп дайындауға байланысты алаңдатарлық жағдай қалыптасты

Қазақстанда жем-шөп дайындауға байланысты алаңдатарлық жағдай қалыптасты

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жем-шөп дайындауға байланысты алаңдатарлық жағдай қалыптасты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, биылғы жылдың қолайсыз ауа-райы астықтың түсіміне ғана емес, ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігіне де әсер етуі мүмкін.

"Республиканың бірқатар облыстарындағы құрғақшылыққа байланысты жем-шөп дайындаумен дабыл қағарлық жағдай қалыптасты. 25 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республикада 6,1 млн тонна пішен немесе жоспардың 48 пайызы дайындалған. Былтыр 6,9 млн тонна немесе жоспардың 56 пайызы дайын болған еді", - деп көрсетілген ҚР АШМ хабарламасында.

"Пішен дайындау бойынша ерекше қиын жағдай Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қалыптастып отыр. Ол жерлерде тиісінше жоспардың 27 және 25 пайыздары ғана дайындалған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны