10.04.2008, 13:27 2721

Қазақстанда жыл басынан бері далада өршіген 12 өрт салдарынан 1,4 млн теңгеге шығын келтірілді

Қазақстанда жыл басынан бері далада өршіген 12 өрт салдарынан 1,4 млн теңгеге шығын келтірілді

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері далада өршіген 12 өрт салдарынан 1,4 млн теңге көлемінде шығын келтірілді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ақпаратты басқару және қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы Любовь Шапошникова құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жыл басынан бері Қазақстанда 12 дала өрті тіркеліп оның алтысы Павлодар облысында орын алды ", - деп ақпарат берді Л. Шапошникова.

"Көктем басталғаннан кейін ормандарда өршитін өрт көздері ұлғаюы мүмкін. Азаматтардың кәдуілгі өрт қауіпсіздігін сақтамауынан дала мен ормандарда өрттің туындайтыны өзекті мәселеге айналып барады ", - деп атап өтті ол.

"Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әрбір Қазақстан тұрғынына жолдаған үндеуінде былай деген: жер, орман, дала біздің байлығымыз болғандықтан оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Ол үшін орманда өрттің өршуіне жол бермеуіміз керек", - деді Л. Шапошникова.

ТЖМ ақпараты бойынша өткен жылы республика бойынша 505 орман, 579дала өрті тіркеліп соның салдарынан 540 млн теңгеге шығын келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны