18.05.2007, 16:03 2875

Қазақстанда жыл басынан бері ерікті жасақтардың көмегімен мыңнан астам қылмыс әшкереленді

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда жыл басынан бері ерікті жасақтардың көмегімен 1027 қылмыс әшкереленіп, әкімшілік заң бұзушылықтары үшін 14 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитетінен хабарлады.

Комитет ақпаратына сәйкес, қазіргі күні республикада ішкі істер органдарының бастамасымен құрылған 3546 қоғамдық жасақ бар, ал қоғамдық тәртіпті сақтауға 30 мыңдай ерікті жұмылдырылуда. "Олардың қатарында жалпы саны мыңнан асып жығылатын "Сарбаз" отрядының 7 мыңдай мүшесі, барлығы 181-ге жететін "Сақшы" құрылымына мүше 874 адам, жоғары оқу орындарындағы 143 студенттер отрядының 2,5 мыңдай студенттері мен 3345 консьерж бар",- деп хабарлайды әкімшілік полиция.

Комитеттің түсіндіруінше, іс жүзінде мал ұрлығына жол бермеу үшін мал фермалары, жайылымдар мен қораларды күзетуде "Сарбаз" топтары кеңінен қолданылады. Мәселен, Павлодар облысында Новопокровск ауылдық округінде бар-жоғы 4 адамнан тұратын "Сарбаз" тобы ауылдық округ аумағындағы қоғамдық тәртіпті қорғап, мал ұрлығының алдын алу үшін түнгі рейдтерге шығуда. "Топқа УАЗ-469 көлігі берілген, ал бір сарбаздың жалақысы айына 10-15 мың теңгені құрайды",- деп хабарлайды комитет. Еріктілерді жеке меншік кәсіпорын қаржыландыруда, дейді олар.

Сонымен бірге тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, еліміз бойынша жергілікті атқарушы билік органдары қоғамдық тәртіпті қорғауға атсалысушы азаматтарды марапаттау үшін 25 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Қазіргі жағдаймен 830 адам 5,5 млн теңгемен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны