06.09.2006, 16:39 3252

Қазақстанда жыл басынан бері Интернетті тұтынушылар саны бір жарым есе өсті

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қызмет бағасының арзандауына байланысты Қазақстанда жыл басынан бері Интернетті тұтынушылар саны бір жарым есе өсті. Бұл туралы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев бүгін мәжілістің жалпы отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бағаны бастапқы кезеңде 25 процентке арзандатудың өзі тұтынушылар санын көбейтуге септігін тигізді", - деді А.Жұмағұлов. "Егер жыл басында еліміз азаматтарының 2,7 проценті ғана тұтынса, қазір 4 проценті Интернетті белсенді тұтынатын болды",- деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша, Интернет желісі қызметінің бағасы жыл басынан бері күндізгі уақытта екі есе, ал түнде төрт есе арзандытылды. "1-қыркүйектен бастап бағаның тағы да арзандытылуы аталмыш көрсетішті әлі де біршама көбейтуге мүмкіндік береді деп сенемін",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны