20.05.2008, 18:58 3849

Қазақстанда жыл басынан ВИЧ/СПИД ауруына шалдыққандар саны 30 пайызға өсті

Қазақстанда жыл басынан ВИЧ/СПИД ауруына шалдыққандар саны 30 пайызға өсті

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан ВИЧ/СПИД ауруына шалдыққандар саны 30 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Республика бойынша аурулар санының өсуі түрмелерде қамалып отырғандар қатарының ұлғаюымен байланысты. "Еңбекпен түзеу колониялары есебінен оның көлемі 11% ұлғайды ", - деді А. Белоног. "Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мұндай мекемелерде бұл дерттің алдын алу шаралары өткізілуде", -деп атап өтті ол.

А. Белоног атап өткеніндей, "бұл індет жыныстық қатынастар арқылы да таралып отыр". "Бұл коммерциялық жыныстық қатынастары мен дәстүрлі емес жыныстық қатынас қызметкерлерімен алдын алу жұмыстарын жүргізуге күш жұмсау қажеттігін көрсетеді. Бұл бағытта біз жұмыс істеп жатқан нақты міндеттеріміз, бағдарламамыз бар ", - деп атап өтті елдің бас санитарлық дәрігері.

Денсаулық сақтау министрлігі жалпы ВИЧ/СПИД ауруын алдын алу шараларын жандандыруды жоспарлап отыр. "Ең бастысы - тұрғындармен жұмыс істеу. Ирбір адам жұқпалы дерттен сақтанудың ережелері мен тәртібін білуі тиіс", -деді А. Белоног. " ВИЧ/СПИД дертіне 19% жыныстық қатынастар арқылы шалдығуы халықтың дәстүрлі сақтану құралын пайдаланбауын дәлелдейді. Бұл дені сау отбасыларға таралу қаупі бар", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны