24.04.2012, 13:34 5774

Қазақстанда жыл сайын 17 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады

2012-2016 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті күшейту бағдарламасында: "Қазақстанда халықтың арасындағы өлім-жітімге себеп болатын сырқаттар ішінде онкологиялық аурулар екінші орында тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мыңға жуық адам көз жұмады. Соның 42%-ы еңбекке қабілеті барлар", - делінген.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл сайын 17 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сырқатқа шалдығатындар саны 5% артып отырады.

2012-2016 жылдарға арналған Онкологиялық көмекті күшейту бағдарламасында: "Қазақстанда халықтың арасындағы өлім-жітімге себеп болатын сырқаттар ішінде онкологиялық аурулар екінші орында тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мыңға жуық адам көз жұмады. Соның 42%-ы еңбекке қабілеті барлар", - делінген.

Биылғы жылдың 29-наурызында үкімет тарапынан бекітілген бағдарлама ресми баспасөздің сейсенбідегі санында жарияланды.

"Соңғы бес жылда елімізде қатерлі ісіккешалдыққандар саны артқаны байқалады: 2006 жылы аталған дертке шалдыққандар саны 28 мың 573 болса, 2011 жылдың соңында 30 мың 299 адамға жетті. Яғни, қатерлі ісіктің тырнағына іліккен сырқаттар саны жыл сайын 5% артып отыр", - деп атап көрсетілген құжатта.

Дегенмен, қатерлі ісіктен көзжұму көрсеткіші соңғы бес жылда 11,9% төмендеген.

Өлім-жітім көрсеткіші қатерлі ісіктерді ертерек анықтау және ем сапасын жақсарту арқылы төмендеген.

2011 жылы сүт бездерінің рагы (11,6%), өкпе рагы (11,4%), тері рагы (10,7%), асқазан рагы (8,8%), жатыр мойнының рагы (4,8%), асқазан рагы (4,4%), гемобластоз рагы (4,4%), тоқ ішек (4,4%) пен тік ішек рагы (4,1%) жиі кездескен.

"Ерлер кеңірдек, бронх, өкпе (20,4%), асқазан (12,0%), тері (9,6%), еркектік без ісігі (6%), өңеш (5,3%), гемобластоз (4,9%), тік ішек (4,6%), тоқ ішек (4,1%), қуық безіне (3,7%) шалдығушылар көп болған.

Ал, әйелдер арасында сүт бездерінің ісігі (21,4%), тері ісігі (11,6%), жатыр мойнының ісігі (8,8%), асқазан (6,2%), аналық бездер ісігі (5,7%), жатыр (5,5%), тоқ ішек (4,6%), гемобластоз (3,9%), өкпе рагы (3,9%)таралған", - делінген хабарламада.

Бірнеше жылдан бері онкологиялық сырқатқа шалдығу жағынан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары алда келеді.

Құжатқа сүйенсек, "онкологиялық ауру жасарып барады".

"Елімізде жыл сайын жасы 15-ке толмаған 350-400 бала қатерлі ісікке шалдығады. 2011 жылдың соңында онкологиялық сырқатқа шалдыққан 1289 бала тіркеуге алынған", - делінген құжатта. Қатерлі ісік деген диагнозбен Оңтүстік Қазақстан облысында 208 бала, Алматы облысында - 142, Қызылорда - 107, Қарағанды - 101, Шығыс Қазақстан облысында - 98, Алматыда - 111, Астана қаласында 80 бала тіркеуде тұр.

2012-2016 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 178 592 369 теңге бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны