24.07.2008, 18:01 3137

Қазақстанда жыл сайын 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алынады

Қазақстанда жыл сайын 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алынады

Астана. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл сайын 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алынады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Індетті ауруларға қарсы халыққа вакцина егуді жақсарту шаралары туралы" ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органдары жыл сайын шамамен 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алады. Ол вакцина егу жүргізілетін халықтың тиісті тобына шамамен 312 мың доза сатып алуға жетеді", - деп хабарлады А. Белоног.

Оның айтуынша, күйдіргі бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі 2006 жылы тіркелген. Ол кезде халық арасында күйдіргімен ауырған 11 жағдай кездескен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны