23.04.2008, 18:28 3527

Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады - денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады - денсаулық сақтау министрі

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой ҚР президентінің жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда дүниеге келген әрбір 1000 баланың төртеуі түрлі ақаулармен туады. Жалпы алғанда жыл сайын 4 мың бала дамуындағы түрлі ақаулармен дүние есігін ашады", - деді министр. Оның нақтылауынша, елімізде жыл сайын 300 мыңнан астам сәби, оның 5% шала туады.

Министрліктің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы мәліметінше, республикада мүгедектік тіркеуінде 43 472 бала, яғни, еліміздегі балалардың 1,2% тұр.

А. Дерновойдың айтуынша, барлық мүгедектер, соның ішінде балалар тегін әрі кепілді медициналық көмек аясына қамтылған. "Ақысыз медициналық кепілді көмек ауқымы жыл өткен сайын қайта қаралып, өсе түсуде", -деді ол. Мәселен, кейінгі бес жылда ана мен баланы қорғауға бөлінетін шығындар 5 еседен астам өсіп, 8 млрд теңгеден 45 млрд теңгеге жетті. Министрдің айтуынша, 2008 жылы 59 млрд теңгеден астам көлемде шығындар жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны