14.09.2018, 21:52 4704

Қазақстанда жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны басталады

Оған қоса, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отыр. Ол бойынша 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бізде бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қыркүйектіӊ 15-інде Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі кампания 15-қарашада аяқталады.

"Науқанныӊ мақсаты - қаралып жүрген емханасына көӊілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл шара рынокқа жаӊадан қосылған медицина ұйымдарыныӊ келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізіледі, - деді Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова. - Былтырғы тіркеу науқаны барысында 300 мыӊнан астам қазақстандық азамат емхана таӊдау құқығын пайдаланған болатын. Бұл алдыӊғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Және тіркеу кампаниясына деген қызығушылықтыӊ артқанын, азаматтардыӊ аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таӊдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді".

Отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектіӊ қолжетімділігі принциптерін іске асыру үшін емхананыӊ үйге жақын маӊда болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердіӊ жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жедел жәрдем жүйесінде жасалған соӊғы реформаларды ескерсек мұныӊ маӊызы арта түседі. Себебі бұдан былай 4-санатқа жатқызылатын шақыртуларға жергілікті емханалар қызмет көрсетеді.

Оған қоса, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отыр. Ол бойынша 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бізде бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін.

"Бұл жаӊа учаскелердіӊ ашылуына түрткі болады деп үміттенеміз. Және бұл мәселеде медицина бизнесі өкілдері белсенділік танытады деп сенеміз. Былтырғы жылдыӊ өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты, - деді МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәӊірбергенов. - Қазіргі таӊда Қордыӊ жеткізушілер тізімінде 1365 медицина ұйымы бар. Оныӊ 623-і - жеке меншік. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, 2019 жылы олардыӊ саны тағы 10 пайызға артады деген болжам бар".

"Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таӊдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады", - деді МСҚ медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердіӊ атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал, egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтіӊ нәтижесі өтініш берушініӊ Жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімініӊ қызметін пайдалануға болады.

Халықты тіркеумен айналысатын емханалардыӊ тізімі Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ fms.kz сайтындағы "Клиника таӊдау" бөлімінде орналасқан. Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысып жатыр.

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны