14.11.2011, 17:12 3524

Қазақстанда жылыту кезеңі басталғанға дейін 9 энергоблок пен 36 турбина жөндеуден өтті

Еліміздің энергокәсіпорындары 2011 - 2012 жылдардың жылыту кезеңі басталғанға дейін 9 энергоблок пен 36 турбинаны жөндеуден өткізген. Сонымен қатар, 2 энергоблок пен 9 турбинаны жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Астана. 14-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жылыту кезеңі басталғанға дейін 9 энергоблок пен 36 турбина жөндеуден өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еліміздің энергокәсіпорындары 2011 - 2012 жылдардың жылыту кезеңі басталғанға дейін 9 энергоблок пен 36 турбинаны жөндеуден өткізген. Сонымен қатар, 2 энергоблок пен 9 турбинаны жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның ТЖМ аумақтық құрылымдық бөлімдерінде есепте тұрған 952 қазандықтан ағымдағы жылы 672 қазандықты жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 653 қазандық жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрдің ресми сайтынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны