19.01.2016, 16:35 4048

Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану қаӊтардыӊ соӊында көтеріледі деп болжанып отыр - Ж.Бекшин

Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанудыӊ көтерілуі қаӊтардыӊ аяғына келеді, деген болжам жасады бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР ҰЭМ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанудыӊ көтерілуі қаӊтардыӊ аяғына келеді, деген болжам жасады бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР ҰЭМ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Идетте сырқаттану қаӊтардыӊ ортасына қарай көтеріледі. Биылғы жылы қаӊтар айыныӊ соӊында көтеріледі деп болжап отырмыз. Бақылау деӊгейі артқан жоқ, біз жағдайды бақылап отырмыз", - деді Ж.Бекшин, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда Қазақстанныӊ бір де бір облысында жіті респираторлық инфекциялар мен тұмау бойынша бақылау деӊгейі көтерілген жоқ. Барлық дәріханаларда вирусқа қарсы құралдар қоры құрылған.

Министрліктіӊ мәліметінше, өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда сырқаттанудыӊ 13%-ға төмендегені байқалады. Ауырған адамдардыӊ негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балаларға келеді және ол жалпы сырқаттанудыӊ 70%-ын құрайды.

Ведомство басшысыныӊ орынбасары мәлімдегендей, тұмаудан бір адамныӊ қайтыс болуы тіркелген.

"Бүгінгі таӊда А(Н1N1) штамынан ("шошқа тұмауы") 1 адам қаза тапты", - деп нақтылады Ж.Бекшин.

Оныӊ сөзі бойынша, аталмыш оқиға дәрігерлерге кеш xабарлаудан орын алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны