04.08.2016, 17:12 3601

Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу жеӊілдетілді

Енді ҚР ДСИДМ-де мәлімдегендей, өтініш берген кезде әйелдерге соӊғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еӊбекке жарамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салықтары бойынша салыстырып тексеру акті қажет болады.

Астана. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді есептеуге қажетті құжаттар топтамасы қысқартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ бірлескен жұмысыныӊ арқасында Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеӊілдеді, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Енді ҚР ДСИДМ-де мәлімдегендей, өтініш берген кезде әйелдерге соӊғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еӊбекке жарамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салықтары бойынша салыстырып тексеру акті қажет болады.

"Қазір, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшерлерін тағайындау қағидасына енгізілген өзгерістердіӊ арқасында жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктілігіне және босануына байланысты төлемдердіӊ мөлшері есептелген және аударылған әлеуметтік аударымдардыӊ дұрыстығына жауапкершілік көтеретін жұмыс берушіге тікелей байланысты екендігін есте сақтау қажет", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорыныӊ орынбасары Серікқан Сабыржанов.

Сонымен қатар, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдердіӊ мөлшері соӊғы 12 айға орташа айлық табысын еӊбекке жарамсыздық күнініӊ санын отыз күнтізбелік күнге бөлу арқылы алуға болатын еӊбекке жарамсыздық (науқастанған) күнініӊ саны коэффициентіне көбейтумен айқындалады.

Барлығы мемлекеттік корпорация арқылы жылдыӊ басынан бері 97,5 мыӊ жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны