07.02.2013, 13:20 3224

Қазақстанда Жұмыспен қамту бағдарламасына 200 мыңнан астам адам қатысты

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы жүзеге асырылған сәттен бастап оған 200 мыңнан астам адам қатысты, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Жұмыспен қамту бағдарламасына 200 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы жүзеге асырылған сәттен бастап оған 200 мыңнан астам адам қатысты, деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

"Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде оған 200 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылардың жалпы санының 27% өз бетімен жұмыс істейтіндер, 66% жұмыссыздар және 6 % аз қамсыздандырылғандар", -деді С.Ибденов.

Оған қоса, бірінші бағыт аясында 60 мың адам оқуды аяқтап, оның ішінде 39 мың адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Екінші бағыт - халыққа кішігірім несие беру бойынша жүзеге асыру кезінде 8 мыңнан астам адам несие алып, 11 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді.

Ал, үшінші бағыт - халықты депрессиялық елді мекендерден экономикалық өсу орындарына көшіруге тоқталатын болсақ, қазіргі таңда 700-ден астам үй салынып, 8115 адам көшірілді, оның ішіндегі 61% еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтылды.

"Жаңа бағыт - ауыл инфрақұрылымын дамыту бойынша 309 әлеуметтік объект жөндеуден өтіп, соның арқасында 7 мыңнан астам жұмыс орны қалыптасты", -деп түсіндірді министр.

Сонымен бірге, Еңбек министрлігінің басшысы 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 5,4-нан 5,2%-ға төмендегенін хабарлады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап өтті.

Ведомствоның мәліметтері бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы алғанда 95 млрд теңге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны