11.12.2012, 13:10 3170

Қазақстанда жұмыссыздық 5,2 пайызға дейін азайған

"Бағдарлама аясында кешенді іс-шаралар үнемі жүзеге асырылып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша белгілі болған еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылғы жылы да өз деңгейінде", - деді министр.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Биылғы жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытындыға сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға дейін төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов мәлім етті.

"Бағдарлама аясында кешенді іс-шаралар үнемі жүзеге асырылып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша белгілі болған еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқыны биылғы жылы да өз деңгейінде", - деді министр.

С.Ибденов атап өткендей, биылғы жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға дейін төмендеген.

"Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,8 пайыздан 2011 жылы 5,4 пайызға дейін, ал биылғы жылдың ІІІ тоқсанында 5,2 пайызға дейін азайған", - деп мәлімдеді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны