09.08.2012, 14:06 5721

Қазақстанда жүрек және бүйрек трансплантациялау операциясын жасау жоспарлануда

"Ұлттық медициналық холдингтің" емханаларында ағымдағы жылдың соңына дейін жүрек трансплантациялау операциясын жасау жоспарлануда, деп хабарлады холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүрек және бүйрек трансплантациялау операциясын жасау жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ұлттық медициналық холдингтің" емханаларында ағымдағы жылдың соңына дейін жүрек трансплантациялау операциясын жасау жоспарлануда, деп хабарлады холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаева Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Ағымдағы жылы 41 инновациялық технология енгізу жоспарлануда, бірақ ең негізгісі - ағзалар трансплантациялау технологиясы болмақ. Біз донордың жүрегін және бүйрегін трансплантациялау операцияларын жасаймыз",- деді Л.Ақтаева.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың жүрек трансплантациялау операциясына дайын екенін айтып өткен Л.Ақтаева, бірақ та ол үшін мәйіттен алынатын ағзалар донорлығын дамыту керектігін атап көрсетті.

"Органды алу, оның тіршілік қабілетін сақтау, реципиентті дайындау үрдісі біраз уақытты алады, бірақ Орталықтың барлық ресурсы қазір оған дайын. Егер жағдай оңынан қалыптасса, жылдың аяғына дейін біз бұл технологияны енгізбекпіз",- деді ол.

Айта кету керек, Жедел медициналық жәрдем орталығында бүйрек трансплантациялау операциясы жасалды. Изірге туыстық донорлық оқиғалары ғана тіркеліп отыр.

Өткен жарты жылда емдеу мен диагностиканың 10 технологиясы енгізілгенін айту керек. Олардың қатарында - жұлын миын нейростимуляциялау, жүректің аорта клапанын тері арқылы протездеу, шағын инвазивті емдеу тәсілі арқылы кардиохирургиялық операциялар жасау, т.б. операциялар бар.

Оған қоса, созымалы бүйрек ауруымен ауыратын балаларға бүйрек ауыстырып салу үшін Ана мен бала орталығының мамандары Корея университетіне тағлымдамадан өтуге жіберілуде. Оқуға осындай бірегей операцияға қатысатын анестезиолог, нефролог, уролог сияқты мамандардың барлығы жіберілді.

Л.Ақтаеваның айтуынша, 2008 жылдан бастап клиникаларда түрлі ауруларды емдеу мен диагностикалаудың 110 инновациялық технологиясы енгізіліп отыр. "Біздің науқастарымыз бұрын осы операцияларды жасату үшін шетелдерге баруға мәжбүр болса, енді олар холдингтің емханаларында емделе алады", - деді басқарма төрағасының орынбасары.

Жаңа технологияларды енгізу сондай-ақ, елімізде медициналық туризмді әрі қарай дамытуға әлеует жасайды және шетелдік нациенттер үшін емханалардың тартымдылығын арттырады. І жартыжылдықта 21 елдің 150 азаматы біздің елімізде ем-дом қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны