09.10.2015, 18:25 3942

"Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" байқауыныӊ ақтық сынына 26 жоба қатысады

Биылғы жылы "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" байқауына қатысуға барлық ел өӊірлерінен 124 өтініш келіп түсті. Үміткерлердіӊ басым бөлігі Қостанай облысы мен Астана қаласында (14 өтініштен) тіркелді, Алматыдан 11, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 10 өтініштен қабылданды. Аймақтық іріктеу кезеӊдерініӊ қорытындысы бойынша ақтық сынға 26 жоба қатысатын болды

Астана. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" байқауына қатысуға барлық ел өӊірлерінен 124 өтініш келіп түсті. Үміткерлердіӊ басым бөлігі Қостанай облысы мен Астана қаласында (14 өтініштен) тіркелді, Алматыдан 11, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 10 өтініштен қабылданды. Аймақтық іріктеу кезеӊдерініӊ қорытындысы бойынша ақтық сынға 26 жоба қатысатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқауға ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар, қызметі әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға негізделген өзге де ведомстволар мен мекемелер қатысты.

Қазақстандықтар сайыстыӊ ақтық мәресіне шыққан жобалармен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) ресми веб-сайтында таныса алады. Жеӊімпаздарды құрамына ҚР Праламентініӊ депутаттары, ҚР ДСИДМ өкілдері, мүгедектердіӊ қоғамдық бірлестіктері, БАҚ өкілдері мен өткен жылғы байқау лауреаттары кіретін республикалық комиссия анықтайды.

Үздік әлеуметтік жобалардыӊ тұсаукесері мен байқау жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі қарсаӊында өтеді.

Естеріӊізге сала кетейік, "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" республикалық байқауы алғаш рет Астана қаласында 2013 жылы өткен болатын. Оныӊ аясында жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларын (отбасыныӊ сәтсіздікке ұшырауын алдын алу шаралары); дағдарыс жағдайындағы әйелдер мен ерлерді; қарт адамдарды; девиантты немесе делинквентті мінез-құлық танытуға бейім адамдарды; мигранттарды; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жобалар ұсынылады.

Илеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат - жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға шынайы көмек көрсету.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны