18.06.2013, 12:35 3453

Қазақстанда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Туризм істері жөніндегі агенттік міндетті мектеп бағдарламасына "дене шынықтыру" пәні аясында жүзу сабақтарын енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Туризм істері жөніндегі агенттік міндетті мектеп бағдарламасына "дене шынықтыру" пәні аясында жүзу сабақтарын енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.

"Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі және Туризм және спорт агенттігімен бірге жүзу сабақтарын міндетті бағдарламаға енгізу мәселесі қаралуда", - деді А. Советов.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап министрлік балаларды жүзуге үйрету бойынша жұмысты бастап кетті. Осылайша, 2012 жылы 12,5 мыңнан астам бала жүзуді үйренді.

Оған қоса, оның айтуынша, су қоймаларының жанында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны