24.10.2018, 17:16 6052

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Аймен Тұрбаева

Кейіпкеріміз 1957 жылы 20-наурызда Қызылорда қаласында зиялы отбасыда дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институттыӊ филология факультетіне оқуға түсіп, "Орыс тілі әдебиеті және педагогика" мамандығы бойынша бітірген.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына байланысты "онда нақты адамдардыӊ нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанныӊ келбеті көрініс табады" деген болатын. Шынында, бойында басқаға үлгі боларлық іскерлік, адамгершілік қасиеттері бар тұлғалар қоғамда аз емес. Тек оларды жұрт өздері де танып, өзгеге де үлгі етулері тиіс. Сондай ізгі жандардыӊ "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" ұлттық жобасыныӊ ІІ кезеӊіне үміткер ретінде тіркелген қызылордалық "Көкжиек" мүмкіндігі шектеулі жандар қорыныӊ директоры Аймен Тұрбаева.

Кейіпкеріміз 1957 жылы 20-наурызда Қызылорда қаласында зиялы отбасыда дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институттыӊ филология факультетіне оқуға түсіп, "Орыс тілі әдебиеті және педагогика" мамандығы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап №176 орыс мектебіне орыс тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Педагогикалық жұмыспен қатар, қоғамдық жұмыстардан да шет қалмай, үкіметтік емес ұйымдарда жетекшілік қызмет атқарады. Қазірде облыстық "Көкжиек" мүгедек әйелдер мен мүгедек балалар қорын басқарады.

Ол бала кезінен мүгедек болғанына қарамай, өмірдіӊ қай сынағы болса да шыдап келді.

- Мен мүмкіндігі шектеулі балаларға неніӊ қажет екенін, олардыӊ не қалайтынын жақсы білемін деп айта аламын. Себебі өзім де бала күнімнен мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ санатындамын. Ол кезде бізге бүгінгідей жасалынып жатқан жағдайлар жоқтыӊ қасы болатын. Бірақ мен алдыма мақсат қойып, көп оқыдым, іздендім. Соныӊ нәтижесінде бүгінгі күнге жетіп отырмын. Білім саласында еӊбек етіп, қаншама шәкірт тәрбиелеп шығардым. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап, оларға қолдау көрсетуге тырысып жүрмін, - дейді "Көкжиек" қоғамдық бірлестігі төрайымы А.Тұрбаева.

2004 жылдан бастап "Мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ бос уақытын тиімді ұйымдастыру" жобасы бойынша көпетеген іс-шаралар өткізілді.

Осы атқарып жатқан еӊбегі бағаланып, "Білім және ғылым" министрлігінен, облыс, қала әкімдерінен мақтау қағазы және алғыс хаттармен марапатталған. "Қызылорда қаласына - 190 жыл" медалімен, "Қызылорда облысына - 70 жыл" медалімен, "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. 2011 жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстыӊ экономикасы және әлеуметтік, рухани дамуына қосқан үлесі үшін 2012 жылғы облыс әкімініӊ стипендианты атанды. 2016 жылы "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 25 жыл медалімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны