16.10.2018, 17:30 2564

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Айнұр Жақсылыққызы

"Алты алаштыӊ баласы бас қосса, төр мұғалімдікі". Алаштыӊ ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев осылай баға беріпті.

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - "Алты алаштыӊ баласы бас қосса, төр мұғалімдікі". Алаштыӊ ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев осылай баға беріпті. Құсқа қос қанат қалай керек болса, адамға да білім мен тәрбие солай керек. Оны беретін кім? Ирине мұғалім. Жастардыӊ үлгі алуына, заманауи Қазақстанныӊ келбетін танытуға мүмкіндік беретін "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына ұсынылып жатқан сан түрлі мамандық иелерін де тәрбиелеп шығаратын ұстаз. Аталған жобаныӊ І кезеӊінде "100 жаӊа есімніӊ" тізіміне еніп, тарихта қалған мұғалімдер аз емес. Биыл да өз бақтарын сынап көрмекші. Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлердіӊ бірі білімді жас ұрпақ тәрбиелеуде аянбай тер төгіп келе жатқан білікті педагог Айнұр Жақсылыққызы.

Ол 2015 жылдан бері Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Айнұр Жақсылыққызы шәкірттерін ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйретіп, түрлі ғылыми жобалар мен интеллектуалдық сайыстарға қатысуға тәрбиелеп жүр. 2016 жылы Манэи олимпиадасында қазақ тілі бойынша оқушылары Н.Мейрамбек І дәрежелі диплом алса, Ш.Зияділда, И.Мырзатаев, Т.Қорғанбеков, А.Абдрахман, Н.Беркінбай жүлделі 2,3-орындар алған. 2017 жылы республикалық "Ақбота" интеллектуалдық сайысында Д.Өмірбекова, Д.Мырзабек, Н.Бисембаева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ "Идеялар жәрмеӊкесі" инновациялық көрме жұмыстарында үздік жобасы үшін А.Жақсылық, "Болашақ Қызылорда қаласыныӊ сол жақ жағалауы" топтық жобасы үшін Н.Самат, Ұ.Кәрібай жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар алды.

2018 жылы "Зерде" ХІІІ республикалық ғылыми жобалар конкурсыныӊ қалалық кезеӊінде шәкірті А.Жақсылық 1-орын, республикалық кезеӊінде жүлделі 2-орынды иеленді.

Айнұр Жақсылыққызыныӊ білім беру саласыныӊ өзекті мәселелеріне арналған мақалалары республикалық Мәртебе.KZ сайтында, "Ізденіс жолы" республикалық журналында жариялап келеді. Педагогтік шеберлігі мен ғылыми ізденістерініӊ нәтижесінде алғыс хат, дипломдармен марапатталған.

2016 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетініӊ ІІІ республикалық пәндік олимпиадасына белсене қатысқаны үшін университет ректорыныӊ алғыс хатын алса, қалалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауында, қалалық "Алғашқы педагогикалық қадам" жас педагогтар арасындағы кәсіби байқауда жүлделі 3-орынға иегері атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны