24.10.2018, 17:11 5264

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Ақмарал Абылаева

Ақмарал Абылаеваныӊ еӊбегін ел-жұрт ерекше бағалайды. Ол Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ пульмонология бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санатты дәрігер.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - "Елбасы өзініӊ "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" атты мақаласында "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасын қолға алып, еліміздіӊ тәуелсіздігі жылдарында табысқа жеткен азаматтардыӊ есімдерін, олардыӊ сан тарау өмір жолдарындағы өрелі істерін өскелеӊ ұрпаққа насихаттау қажеттігін атап көрсетті.

Өтпелі қиындықтарға дес бермей, елімізде медицина саласыныӊ әлемдік стандарттарға сай жаӊа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, халыққа жоғары сапада қызмет көрсету ісін жолға қойған қызылордалық Ақмарал Абылаеваныӊ еӊбегін ел-жұрт ерекше бағалайды.

Ол Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ пульмонология бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санатты дәрігер.

Астана мемлекеттік медициналық академиясыныӊ педиатрия факультетін аяқтаған соӊ, осы академияда 1 жылдық интернатураны бітірді.

Еӊбек жолын Жаӊақорған аудандық ауруханасында дәрігер фтизиатр қызметінен бастады. Қызылорда қалалық темір жол ауруханасында иммунолог-инфекцианист дәрігері, облыстық балалар ауруханасы және кеӊес беру диагностикалық емханасыныӊ иммунолог-дәрігері, 2-балалар соматикалық бөлімшесіне ординатор-дәрігер қызметтерін атқарды. 2012 жылдан бері пульмонология бөлімшесініӊ меӊгерушісі болып қызмет атқарып келеді. Ол "Педиатрияныӊ таӊдаулы сұрақтары", "Инфекциялық ісіп-қызару және аллергиялық аурулардағы иммунологиялық сауықтыру" тақырыптары бойынша білімін жоғарлатқан.

Ақмарал Абылаева - тәжірибесі мен білімі тереӊ дәрігер. Жас дәрігерлрге тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеӊесін беріп отырады. Иріптестер арасында беделі мол қызметкер. Педиатрия саласына тиісті ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ және аурухана әкімшілігініӊ атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Еліміздіӊ Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезеӊ. Ирине, жасалған жұмыстардыӊ маӊызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардыӊ тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанныӊ әрбір жетістігініӊ артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ тарихы.

Жобада нақты адамдардыӊ нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанныӊ келбеті көрініс табады.

Біз "Жаныӊда жүр жақсы адам" деген сөздіӊ байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзініӊ еӊбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардыӊ жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардыӊ кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.

Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін "шешендер" емес, өмірдіӊ өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ басты нысанасына айналуға тиіс".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны