24.10.2018, 16:54 5273

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Алма Мусафирова

Алма Мусафирова - Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ жүйке аурулар бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санатты невропатолог, жоғары санатты педиатр- дәрігер.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

Солардыӊ бірі -"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" ұлттық жобасыныӊ ІІ кезеӊіне үміткер ретінде тіркелген қызылордалық Алма Мусафирова.

Тәуелсіздік жылдарында ерен еӊбектері арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген азаматтарымыздыӊ тағдыры біз білмейтін тартысты сәттер мен қуанышты жеӊістерге, адамныӊ көз жасы мен мерей жасына толы ерекше өмір парақтары. Оған біздіӊ бүгінгі кейіпкеріміздіӊ қызмет жолы дәлел бола алады. Алма Мусафирова - Қызылорда облыстық балалар ауруханасыныӊ жүйке аурулар бөлімшесініӊ меӊгерушісі, жоғары санатты невропатолог, жоғары санатты педиатр- дәрігер.

Ол Алматы мемлекеттік медициналық институтыныӊ педиатрия факультетін бітірген. Институтты бітірісімен Қызылорда қалалық біріккен балалар ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтті. Ир жылдары жедел жәрдем бригадасыныӊ педиатр-дәрігері, қалалық балалар ауруханасыныӊ реанимация бөлімшесіне дәрігері болды. 1990 жылы ҚКСР денсаулық сақтау министрлігініӊ педиатрия ғылыми-зерттеу институтыныӊ негізінде клиникалық ординатураны бітіріп, қалалық біріккен балалар ауруханасына неонатолог-дәрігер болып орналасқан. 2002 жылдыӊ қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін облыстық балалар ауруханасыныӊ жүйке аурулар бөлімшесініӊ меӊгерушісі қызметін атқаруда.

Алма Бекентайқызы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, облыстық медициналық орталығыныӊ балалар хирургиясы бөлімшесінде, аудандық ауруханаларда науқастарға кеӊес беру жұмыстарын жасайды. Аурухананыӊ реанимация бөлімшесініӊ науқастарын қарап, кеӊес береді, дәрігерлік консилиумдарға қатысады.

Антына берік дәрігер өзініӊ кәсіби біліктілігініӊ және мол тәжірибесініӊ арқасында әріптестер арасында үлкен құрметке ие болып, 2009 жылы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісініӊ үздігі" төсбелгісімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны