26.10.2018, 10:56 5637

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Изілхан Тәжекеев

Ғылыми еӊбектері шетелдік конференцияларда, шетелдік ғылыми және рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан "100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне Қызылорда облысынан үміткер ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Қазақстан тарихы кафедрасыныӊ аға оқытушысы, "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ жетекшісі, PhD докторанты Изілхан Тәжекеев ұсынылды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ "Археология және этнология" факультетін, Ресей ғылым академиясы Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты (Мәскеу) Этнография, этнология және антропология аспирантурасын бітірген. "История освоения Юго-восточного Приаралья с древнейших времен до конца І тысячелетия до н.э" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Арал маӊы археологиясы ғылыми бағыттарында жұмыс жасайды. Сырдария ежелгі арналарыныӊ табиғи-тарихи қалыптасуы (археологиялық деректер бойынша), Сырдарияныӊ төменгі ағысыныӊ суландыру жүйесініӊ тарихи дамуы, археологиялық карталар (кезеӊдер бойынша), ерте темір және кейінгі сақ кезеӊініӊ жерлеу құрылыстары мен ғұрыптары, қалалар мен қала мәдениетініӊ дамуы және урбанизация процесі туралы бірнеше ғылыми еӊбектері жарық көрді.

И.Тәжекеев 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Қазақстан тарихы кафедрасыныӊ оқытушысы, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Археологиялық және этномәдени зерттеулер" орталығыныӊ ғылыми қызметкері, 2011 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, "Археология және этнография" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ жетекшісі, 2012 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Қазақстан тарихы кафедрасыныӊ аға оқытушысы қызметтерін атқарып келеді.

Ғылыми еӊбектері шетелдік конференцияларда, шетелдік ғылыми және рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны