16.10.2018, 17:18 2695

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Болатбек Ахметов

Ол әр жылдарда оқу-тәрбие саласындағы жетістіктері үшін "Білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" төсбелгісімен, "Білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін "Абай аманаты", III дәрежелі "Еӊбек даӊқы" медальдарымен, ҚР Президентініӊ Алғыс хатымен мараптталды.

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - Елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани-мәдени кемелденуіне үлес қосқан тұлғаларды насихаттайтын "100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊі басталды. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асатын бағдарлама - қоғамдық сананы жаӊғыртатын маӊызды жоба. Оған ұсынылған үміткерлер тізімінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры Болатбек Ахметов бар.

Ол 1965 жылы 26 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ийтеке би кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ол №70 қалалық кәсіптік-техникалық училищесіне "Тепловоз машинисініӊ көмекшісі" мамандығы бойынша білім алған. 1983-1986 жылдары оқу орныныӊ жолдамасымен Уфа қаласындағы индустриялық-педагогикалық техникумына түсіп, бітірген соӊ аталған оқу орнында өндірістік оқу шебері, 1994-1997 жылдары аға шебер, 2003-2005 жылдары директордыӊ шаруашылық жөніндегі орынбасары, 2005-2010 жылдары директордыӊ оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2002-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетін "Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары" мамандығы бойынша бітіріп, инженер біліктілігін алған. 2010 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры болып тағайындалған.

"Теміржолдыӊ жалпы курсы" оқу-әдістемелік кешен жұмыстарын жазуға қатысқан және АҚШ-тыӊ "Дженерел электрик" компаниясыныӊ технологиясымен құрастырылған 7FDL двигателіне жаӊа технологиялық әдіс бойынша сынама жұмыстарына басшылық жасаған. 2010 жылы республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудыӊ және біліктілік берудіӊ ғылыми-әдістемелік орталығыныӊ тапсырысы бойынша жасалған "СОБ электромонтеры" мамандығы бойынша тест тапсырмаларыныӊ авторы. Ол әр жылдарда оқу-тәрбие саласындағы жетістіктері үшін "Білім беру ісініӊ құрметті қызметкері" төсбелгісімен, "Білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін "Абай аманаты", III дәрежелі "Еӊбек даӊқы" медальдарымен, ҚР Президентініӊ Алғыс хатымен мараптталды. Б.Ахметов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжініӊ материалдық-техникалық базасын заман талабына сай қайта жабдықтауға өз үлесін қосып келеді. Бүгінде оныӊ бастамасымен салынған жылыжай аудан халқына қызмет жасап келеді. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығу залыныӊ (фитнес клуб) және өлкетану мұражайыныӊ жабдықталуына атсалысты.

Айта кетейік, үміткер ЖМББС "Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету", "Вагондарды қараушы", "Жылжымалы құрамныӊ электро-жабдықтарын жөндейтін слесарь-электрик" мамандықтары бойынша білім стандарттарын жазуға үлес қосқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны