16.10.2018, 17:15 2643

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Ләззат Байжігітова

Ширек ғасырға жуық ұстаздық еӊбек жолында Ләззат Байжігітова республикалық, облыстық, қалалық байқаулардыӊ, ғылыми жобаларға қатысып, әдістемелік семинарларда баяндамалар оқыған. Ол әр жылдары шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беруде, жастардыӊ бәсекелік қабілетін арттыруда аянбай еӊбек етіп келеді.

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында жастардыӊ үлгі алуына, заманауи Қазақстанныӊ келбетін танытуға мүмкіндік беретін "100 жаӊа есім" жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы "Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек" деп ескерткен болатын. "Жаӊа есім" жобасы өзініӊ батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалыӊ жұртшылық тарапынан кеӊ қолдау тауып, республикалық маӊыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстыӊ, әрбір ауданныӊ, тіпті әрбір мектептіӊ, ұжымныӊ үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.

Қызылорда облысынан аталған жобаға үміткерлердіӊ қатарында Ыбырай Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейініӊ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жоғары санатты мұғалімі Ләззат Байжігітова да бар.

Ол "Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы" әдістемелік оқу құралыныӊ, "Қазақ тілі пәнінде деӊгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудыӊ тиімділігі" бағдарламасыныӊ авторы.

Ширек ғасырға жуық ұстаздық еӊбек жолында Ләззат Байжігітова республикалық, облыстық, қалалық байқаулардыӊ, ғылыми жобаларға қатысып, әдістемелік семинарларда баяндамалар оқыған. Ол әр жылдары шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім беруде, жастардыӊ бәсекелік қабілетін арттыруда аянбай еӊбек етіп келеді.

Ләззат Байжігітованыӊ жетекшілігімен мектеп оқушылары түрлі республикалық, облыстық, қалалық сайыстарда жүлделі орындар алып, марапатталған. Атап айтар болсақ, А.Ишанбек, Н.Алпысбай, А.Тұраш қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадада 2-орын алса, республикалық қашықтық олимпиадасында А.Ишанбек жүлделі 2-орын алған. Сондай-ақ Л.Байжігітованыӊ ғылыми, әдістемелік мақалалары республикалық ғылыми-танымдық, педагогикалық журналдар мен аймақтық мерзімді басылымдарда жарық көрген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны