16.10.2018, 17:35 4161

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Манат Сматова

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында жастардыӊ үлгі алуына, заманауи Қазақстанныӊ келбетін танытуға мүмкіндік беретін "100 жаӊа есім" жобасыныӊ ІІ кезеӊіне келесі үміткер қызылордалық Манат Сматова.

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында жастардыӊ үлгі алуына, заманауи Қазақстанныӊ келбетін танытуға мүмкіндік беретін "100 жаӊа есім" жобасыныӊ ІІ кезеӊіне келесі үміткер қызылордалық Манат Сматова.

Ол Қызылорда қаласы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектебініӊ жоғары санатты тарих пәнініӊ мұғалімі. Мектеп бағдарламасында қолданыста жүрген "Тарихи тұлғалар және тарихи кезеӊ" қолданбалы курсы, "Илемдік тарихтыӊ даму циклдары" таӊдау курстарыныӊ авторы. Білікті ұстаздыӊ білімді шәкірттері респбуликалық байқауларда жүлде алып жүр.

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданыныӊ Жосалы қыстағында 1956 жылы дүниеге келген. 1981 жылы Шымкент педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылдан бастап №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде үздіксіз еӊбек атқарып келеді. 1993-1999 жылдар аралығында мектеп директорыныӊ оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары, мектеп психологы қызметтерін атқарған.1999 жылдан тарих пәнініӊ мұғалімі. Қазақстан Оқу Ассоциациясыныӊ мүшесі, облыс әкімі грантыныӊ иегері.

Манат Сматованыӊ оқушылары республикалық пәндік олимпиадалардыӊ және ғылыми жоба сайыстарыныӊ қалалық, облыстық, республикалық кезеӊдерініӊ жүлдегерлері атанған. Оныӊ 10-сыныптарға арналған "Тарихи тұлғалар және тарихи кезеӊ" қолданбалы курсы және 11-сыныптарға арналған "Илемдік тарихтыӊ даму циклдары" таӊдау курсынан авторлық бағдарламасы 2008 жылдан қолданыста жүр. Сондай-ақ "Тарих - ғасырлар куәсі", "Қазақстан тарихы" пәнінен 9-сыныпқа арналған тапсырмалар топтамасы" әдістемелік оқу құралдарыныӊ, "Самғатқан сан қыранды алтын ұя" кітабыныӊ авторы. Манат Шамбекқызы Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі және "Қазақстан Ұстазы" қауымдастығыныӊ төсбелгісініӊ иегері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны