17.10.2018, 16:51 3037

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Нағиша Есбосын

Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз 2014 жылы облыс әкімініӊ грантын жеӊіп алып, "Үздік педагог" атанған.

Қызылорда. 17 қазан. Kazakhstan Today - "100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ тарихы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудіӊ жаӊа мультимедиялық алаӊын қалыптастыруға шақырды. Осыған орай аталған жобаныӊ ІІ кезеӊіне Қызылорда облысынан үміткерлерді таныстыруды жалғастырамыз.

Нағиша Есбосын - №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейініӊ оқытушысы, шәкірттері облыстық, республикалық пәндік, ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындардан көрініп жүр.

Ол Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінде оқып, үздік бітірген. Ир жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дыӊ филология факультетінде оқыған. Еӊбек жолын мектеп аға пионервожатыйы, Қазалы аудандық комсомол комитетініӊ хатшысы, №216 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп директорыныӊ бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы "Қабілет" бейімді білім беру лицейі, университет жанындағы қазақ-түрік лицейінде қызметтер атқарды. 2012 жылдан бастап №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде оқытушы.

Ол шығармашылықпен жұмыс істейтін ізденімпаз ұстаз ретінде де, тәрбие жұмыстарыныӊ үздік ұйымдастырушысы ретінде де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Оқушылары білім олимпиадалары мен ғылыми жоба және түрлі байқау, сайыстардан үлкен жетістіктерге жеткен. Облыстық пәндік, ғылыми жобалар байқауларынан, республикалық қашықтық олимпиадаларынан, республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасынан, "Білім-инновация" ҚҚ-ныӊ Қазақстан Білім олимпиадасынан, "Зерде" ғылыми жобалар байқауынан, "Ақберен" байқауынан, Қ.Бітібаева атындағы олимпиададан, түрлі ақындар мүшәйрасынан жүлделі орындар иеленген. Шәкірттерініӊ еӊбегін жоғары бағалайтын Н.Қожаққызы "Жас тілші" үйірмесін жүргізе отырып, өлеӊ, эссе жазуға бейімі бар оқушылардыӊ шығармашылығы бойынша жинақ құрастырды.

Сонымен қатар, "Махамбет өлеӊдеріндегі бейнелі сөздер" авторлық бағдарламасыныӊ, "Кемел келешекке - тағылымды тәрбие" әдістемелік құралыныӊ, "Тәуелсіз ел ұрпақтарына - тереӊ білім, тағылымды тәрбие" көмекші құралыныӊ, "Поэзиядағы фразеологизмдер сөздігі" оқулыққа қосымшасыныӊ, "Қыздармен сырласу кітабы" мен "Оқытудағы жаӊа әдіс-тәсілдер қоржынынан" жинақтарыныӊ авторы. Н.Есбосын мемлекеттік тілдіӊ мәртебесін көтеру, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарына белсене араласып келеді.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз 2014 жылы облыс әкімініӊ грантын жеӊіп алып, "Үздік педагог" атанған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны