10.11.2018, 22:17 5528

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім":Нұрғали Ақылбеков

Жастайынан білім, ғылым жолын қуалап, өз білгенін өзгелерге үйретіп жүрген жас ғалым Нұрғали Ақылбеков "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жалпыұлттық жобасыныӊ екінші кезеӊі бойынша Қызылорда облысынан үміткер.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - Жастайынан білім, ғылым жолын қуалап, өз білгенін өзгелерге үйретіп жүрген жас ғалым Нұрғали Ақылбеков "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жалпыұлттық жобасыныӊ екінші кезеӊі бойынша Қызылорда облысынан үміткер. Ол былтыр "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ "Ғалым" номинациясы бойынша лауреаты атанған болатын.

"Жас ғалымдар альянсы" қоғамдық бірлестігініӊ мүшесі Нұрғали Ақылбеков еліміздегі химия ғылымыныӊ дамуына зор үлес қосып, ғылымды дамытуға, жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жастардыӊ инновациялық жобаларыныӊ халықаралық көрмелерінде, бірнеше шетелдік, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, өзініӊ көшбасшылығын танытып жүр.

Нұрғали Ақылбеков 1989 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы, Жаӊақорған ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "химия" мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарыныӊ магистрі. Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетініӊ аспиранты.

Ол алғаш еӊбек жолын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ инженерлік бейіндегі зертхана инженері ретінде бастап, ғылыми еӊбектер мен патенттердіӊ авторы атанды.

Жас ғалым Қызылорда қаласында өткен "EXPO-2017, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК" инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеӊкесінде жүлделі І орын иеленді. 2014 жылы Қызылорда облысы әкімініӊ облыс жастарына арналған "Сыр Үміті" жастар сыйлығыныӊ иегері. 2017 жылы республикалық "Ғани Мұратбаев" атындағы жастар сыйлығыныӊ иегері, 2017 жылы 13-15 қарашада Италияныӊ Милано Мариттима қаласында өткен Жас Химиктер Симпозиумыныӊ (Merck Young Chemists Symposium 2017 (MERCK-2017), Milano Marittima, Italy, 2017) қатысушысы.

Оныӊ Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өнертабыстық және инновациялық патенттері түріндегі 73 ғылыми еӊбектері жарық көрді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны