10.11.2018, 22:21 4978

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Раушан Базарбай

Қоғам белсендісі ретінде танылған ол "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне Қызылорда облысынан қатысып отырған үміткер.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - Раушан Базарбай есімі Қызылорда халқына кеӊінен таныс. Қоғам белсендісі ретінде танылған ол "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне Қызылорда облысынан қатысып отырған үміткер. "Сана-Сезім" ЖШС, "Q-med" корпоративтік қорыныӊ атқарушы директоры болып қызмет атқаратын Раушан Базарбай дертіне шипа іздеп келген жандарға көмектеседі. Оныӊ "Q-med" медициналық орталығы емделушілерге кешенді әрі әмбебап бағдарлама бойынша эндоэкологиялық ем жүргізеді.

Раушан Базарбай 1978 жылы 9 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол 2001 жылы Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтану, 2007 жылы Қызылорда "Болашақ" университетінде жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алған. Раушан Базарбай әр жылдары үкіметтік емес ұйымдарда еӊбек етіп, өзініӊ азаматтық белсенділігін танытып жүр. Атап айтқанда, "Ақ көгершін" мүгедек балалар мен ата-аналарды оӊалту орталығы" қоғамдық қорыныӊ атқарушы директоры, "Бәйтерек" жастар қоғамдық бірлестігініӊ директоры, "Шиелі-Бәйтерек" газетініӊ редакторы, "Бота" қоғамдық қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық менеджері, Дүниежүзілік банктіӊ Қазақстандағы әлеуметтік жобалар бойынша тәуелсіз сарапшысы, "Keysourse Kazakhstan" тренинг-консалтингтік орталықтыӊ қоғаммен байланыс менеджері, "Торғай-Петролеум" АҚ-ныӊ PR жобалар бойынша маманы, "ҚОР" мұнай компаниясыныӊ "ҚОР шарайнасы" корпоративтік журналыныӊ бас редакторы қызметтерін абыройлы атқарған.

Раушан Базарбай басқарып отырған "Q-med" медициналық орталығы емдеу шараларын табиғи шөптермен жүргізеді. Қазіргі таӊда Қызылорда облысындағы науқастардыӊ иммунитетін қалпына келтіруге, денсаулық сақтау мен емдеуге бағытталған клиникада балалар мен ересектер емделе алады.

Екі жылдыӊ ішінде орталық 1600 азаматқа кеӊес беріп, 898 емделушіні сауықтырған. Олардыӊ ішінде ТМД елдері, Біріккен Араб Имірлігі, Оӊтүстік Корея, Украина, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары бар.

Раушан Базарбай бірнеше Батыс және Еуропа елдерінде қоғамдық азаматтық белсенділікті арттыруға, отбасында балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысып, бала тәрбиесі жайлы еӊбектер жазған. "Ерекше мүмкіндіктері бар бала: отбасында және қоғамда", "Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс" атты еӊбектері көпшілік қызығушылығы мен сұранысына ие болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны