16.10.2018, 17:21 2711

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Зарипа Тасымова

2017 жылы Орта Азия мемлекеттерініӊ ғылыми-педагогикалық қауымдастығы Қазақстан Педагогтарыныӊ инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған республикалық "Үздік директор" конкурсында жеӊімпаз атанып, "Үздік директор" медалін иеленді. Шәкірттері республикалық байқауларда жеӊімпаз атанып жүр.

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ мақсаты Қазақстанныӊ тәуелсіздік алған жылдарында ел дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды елмен таныстыру. Еліміздіӊ дамуы, бейбіт заманда өмір сүруі, тұрақты болуы алуан түрлі тұлғалардыӊ, сан түрлі тағдырлардыӊ еӊбегініӊ нәтижесі. Көп жағдайда, осы көп еӊбекті атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардыӊ тасасында қалып қояды. "100 жаӊа есім" жобасы бұл кеткен олқылықтыӊ орнын толтыруға арналғандай. Бұл жобада Қазақстанныӊ әр түрлі өӊірінде өмір сүретін, әр түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ табысы, табысқа жету жолдары баяндалмақ. Олардыӊ ел дамуына қосқан үлесі, бүгінде қосып жатқан пайдасы баяндалмақ еді. Еліміздіӊ білім саласыныӊ дамуына үлес қосып келе жатқан қызылордалық ұстаз Зарипа Тасымова аталған жобаға үміткер ретінде тіркелді.

Зарипа Жаппарқызы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтыныӊ тарих факультетіне түсіп, осы аталған оқу орнын тәмамдаған. Мектеп директорыныӊ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен №29 мектеп директоры қызметіне ауысты. Ол 1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігініӊ "Құрмет грамотасымен" марапатталған. Зарипа Жаппарқызы Сыр өӊірініӊ ақын-жыраулары, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, қуғын-сүргін құрбандары, ұлағатты ұстаздар өнегесі, ауыл, мектеп тарихы жайлы деректер жинақтап, оқушылардыӊ рухани дүниесін байытуға аянбай еӊбек етіп келеді.

Саналы ұрпақ, сапалы тәрбие берудегі еӊбегі еленіп, 2015 жылы "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған "Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына арналған "Таӊғалдырған таӊғажайып таланттар" өнер фестиваліне қатысып, дарынды шәкірттер дайындағаны үшін "Лидер образования" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 75 жылдық мерейтойлық медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ "Өскелеӊ ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Орта Азия мемлекеттерініӊ ғылыми-педагогикалық қауымдастығы Қазақстан Педагогтарыныӊ инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған республикалық "Үздік директор" конкурсында жеӊімпаз атанып, "Үздік директор" медалін иеленді. Шәкірттері республикалық байқауларда жеӊімпаз атанып жүр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны