26.10.2018, 11:16 6138

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне қатысушы Бекарыстан Аманжолов

Б. Аманжолов "Бала би" шешендік өнер сайысыныӊ соавторы, "Атамұрам - асыл қазынам" балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған ұлттық ойындар жинағы мен "Ел рәміздері - меніӊ мақтанышым" Балалар мен жасөспірімдерге арналған ҚР мемлекеттік рәміздерініӊ тарихы туралы үздік шығармаларыныӊ жинағыныӊ құрастырушысы болып табылады.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

"Жаӊа есім" жобасы өзініӊ батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалыӊ жұртшылық тарапынан кеӊ қолдау тауып, республикалық маӊыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстыӊ, әрбір ауданныӊ, тіпті әрбір мектептіӊ, ұжымныӊ үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардыӊ санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаӊ тұлғалар мен жастар жобаға ұсынылуда. Солардыӊ бірі - Қызылорда облысынан ұсынылған Қазақстан пікірсайысыныӊ рекордсмені Бекарыстан Аманжолов.

Бекарыстан Қазақстан пікірсайысыныӊ рекордсмені (50 кубок), 8 жылдан бері 300-ден астам пікірсайысшыларды тәрбиелеп келеді. 150-ден аса қоғамдық лекциялар оқыған оратор, мотиватор, бизнес-тренер. Қызылорда қаласы әкімініӊ "Самғау" жастар сыйлығыныӊ алғашқы иегерлерініӊ бірі, Қызылорда облысыныӊ 2012 жылдыӊ қорытындысы бойынша "Үздік жас көшбасшы-2012" аталымыныӊ, Республикалық "Жас Ұлан-2012" Гранд премиясыныӊ, Республикалық "Жыл студенті-2014" жүлдесініӊ иегері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ 50 мыӊыншы түлегі. Елордамыздағы алғашқы "Астана дарыны-2017" жастар премиясыныӊ лауреаты.

Ол қазір "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігініӊ төрайым орынбасары қызметін атқаруда. Мұнымен қоса, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетініӊ І курс магистранты.

Бекарыстан Нұрланұлы әр жылдары облыстық "Жас ұрпақ" БЖҚ" ҚБ президенті, Республикалық балалармен жасөспірімдер ұйымдарыныӊ одағы Балалар палатасыныӊ хатшысы, "Ақиқат ұшқыны" дебат клубы мен "Қарлығаштар" атты көркемсөз оқу шеберлері клубыныӊ негізін қалаушы және жетекшісі, облыстық "Ақ қауырсын" балалар мен жасөспірімдер газетінде тілші, кейіннен жауапты хатшы, облыстық "Ұстаз мәртебесі" газеті мен республикалық "Сыр ұланы" газетініӊ тілшісі, республикалық "Сәлем" балаларға арналған әлеуметтік-ақпараттық журналыныӊ редакция алқасыныӊ мүшесі болды.

Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті ғылыми кеӊесініӊ мүшесі, Жастар ғылыми зерттеу орталығы синергетика лабораториясыныӊ мүшесі, М.Дулатов атындағы көркемсөз шеберлері клубыныӊ жетекшісі. "Нұр Отан" партиясы "Нұр" филиалы "Жас Отан" ЖҚ төрағасыныӊ орынбасары, "Оратор" интеллектуалды пікірсайыс клубыныӊ президенті, "Жас Ұлан" Бірыӊғай балалармен жасөспірімдер ұйымы "Ұланбасы" кеӊесініӊ хатшысы және "Рухани жаӊғыру" бағдарламаны басқару кеӊсесі "Атамекен" кіші бағдарламасыныӊ "Интерактивті платформа" республикалық жобасыныӊ жетекшісі болып, көптеген пайдалы істерді атқарып, игі жұмыстарды жүргізді.

Б. Аманжолов "Бала би" шешендік өнер сайысыныӊ соавторы, "Атамұрам - асыл қазынам" балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған ұлттық ойындар жинағы мен "Ел рәміздері - меніӊ мақтанышым" Балалар мен жасөспірімдерге арналған ҚР мемлекеттік рәміздерініӊ тарихы туралы үздік шығармаларыныӊ жинағыныӊ құрастырушысы болып табылады. Бекарыстан Өскемен, Жаӊаөзен, Қызылорда, Көкшетау, Атырау, Алматы, Астана қалалары, 10-нан астам аудандарда облыс, қала белсенді жастары мен жас көшбасшыларына "Көшбасшылық: басты қағидалар және оныӊ сипаты", "Ораторлықтыӊ негізгі шарттары", "Тұлғалық қалыптасудыӊ негізгі қағидалары", сынды тақырыптарда семинар-тренинг, қосымша білім беру саласыныӊ педагогтарына арнап бірнеше тақырып бойынша оқыту өткізіп, шәкірт тәрбилеп келеді.

Мұнан бөлек, 100-ден астам түрлі деӊгейдегі шаралардыӊ ұйымдастырушысы болды. Қазіргі таӊда түрлі қоғамдық дәрістер оқып, әлеуметтік жобалармен айналысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны