22.10.2018, 15:06 4952

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне қатысушы Қуаныш Дәуренбеков

Ол Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ніӊ "Компьютерлік ғылымдар" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, техника ғылымдарыныӊ кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында ерлердіӊ есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылған-ды. Н.Назарбаев: "Ұлт мақтанышы біздіӊ бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздыӊ жетістіктерініӊ тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы арқылы іске асырған жөн. "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан-алуан этнос өкілдерініӊ тарихы" деген болатын. Аталған жобаныӊ ІІ кезеӊіне іріктеу шаралары жалғасуда. Оған Қызылорда облысынан ұсынылған азаматтардыӊ бірі - Қуаныш Дәуренбеков.

Ол Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ніӊ "Компьютерлік ғылымдар" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, техника ғылымдарыныӊ кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ физика-математика факультетініӊ "Ақпараттарды өӊдеу мен басқарудыӊ компьютерлік жүйелері" мамандығына түсіп, 2005 жылы "инженер-жүйетехник" біліктілігін үздік дипломмен бітірген. Еӊбек жолын аталмыш оқу орнынан бастап, 2005 жылы Мәскеу қаласындағы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіне "Математическое и программное обеспечение вычислительных машин, комплексов и компьютерных сетей" мамандығы бойынша аспирантураға түскен. 2008 жылы профессор И.В. Ретинскаяныӊ ғылыми жетекшлігімен "Адаптивная обучающая программа для нефтегазовой отрасли" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Қуаныш Дәуренбеков өзініӊ ізденімпаздылығыныӊ арқасында бүгінде көптеген жетістіктерге жетті. Қызылорда облысыныӊ "Жыл ғалымы" номинациясыныӊ, республикалық "ХХІ ғасыр оқытушысы" конкурсыныӊ І орын, "ЖОО үздік оқытушысы-2013" грантыныӊ иегері атанды. Одан өзге, 80-нен астам ғылыми еӊбектіӊ, 1 патент, 6 авторлық куәлік, 1 оқу құралыныӊ, 4 әдістемелік құралдыӊ авторы. Қуаныш Қойшығұлұлы әлі ғылым саласында елеулі жұмыстар атқарып, шәкірт тәрбиелеуді мақсат тұтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны